Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 323-334
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ХИМИЯНЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ МОДЕЛІ
Аннотация · Abstract
"Ұсынылып отырған мақалада химия пәнін мектепте қашықтан оқыту моделінің ерекшеліктері қарастырылды. Білім беру жүйесіндегі білім сапасының рөліне талдау жасалынды. Қашықтан оқыту технологиясының мазмұны мен химияны оқытудағы дидактикалық мүмкіндіктері зерттелді. Қазіргі уақытта адамның қажеттіліктері мен дағдыларын дәстүрлі тұрғыдан ғана емес, өздігінен үздіксіз жаңартып отыруды қажет етеді. Осы орайда жоғары білікті, кәсіби маманданған, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау білім жүйесінің алдына маңызды міндеттерді жүктейді. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді, оның ішінде химияны қашықтан оқыту өзіндік қиындықтарға ие. Мақаладағы қашықтан химияны оқыту барысындағы қиындықтар мен болжамды шешу мүмкіндіктеріне де тоқталып өтудің өз орны бар. Химияны оқыту барысындағы зертханалық жұмыстардың орындалу ерекшеліктері сараланады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ptft5287
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0