Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 203-215
Транслингвизм және қазақ тілі: жаһандық тәжірибе мен ұлттық сабақтастық
Аннотация · Abstract
Мақалада тілдерді екінші немесе шет тілі ретінде оқытудың жаңа бағытының бірі – транслингвизм, яғни тілді транслингвалды оқыту мәселесінің зерттелуін зерделеу негізінде қазақ тілін түркітілдес білімгерлерге транслингалды тәсіл арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау мәселесі қарастырылады. Мақаланың мақсаты – қазақ тілін түркітілдес білімгерлерге транслингалды тәсіл арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындап, басты қағидаларын анықтау болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін аталған мәселе бойынша әр жылдары алыс-жақын шетелдік, отандық лингвистика және әдістеме ілімінде шыққан ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік еңбектер мен ғалымдардың озық тәжірибелерімен танысып, талдай келе, жалпы тілдерді шет тілі және екінші тіл ретінде транслингвалды аспектіде оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу жасалынды. Отандық тіл білімінде, әлеуметтік лингвистикада кейінгі кезде транслингвизм ұғымы пайда болғанымен, әдістеме саласына бұл ұғым әлі ене қойған жоқ. Сондықтан отандық және шетелдік зерттеушілер еңбектеріндегі транслингвалдық тәсілдің басты ұғымы, мәні мен типологиясын зерделеу; жаһандық тәжірибе мен ұлттық сабақтастық негізінде оқытудың транслингвалды тәсілін қазіргі отандық лингводидактиканың теориялық және әдіснамалық аппаратына енгізудің маңыздылығын айқындау бағытында оиандық, алыс және жақын шет елдік ғалымдардың іргелі ғылыми жұмыстарына еңбектеріне теориялық әдіснамалық қырынан шолу жасалынды. Соның нәтижесінде тілдерді транслингалды аспектіде оқытудың дәстүрлі оқыту жүйесінен ерекшелігі анықталып, ғылыми-теориялық негіздері айқындалды. Кілтті сөздер: транслингалды аспект, транслингвизм, көптілділік, кодаралық, қазақ тілі, екінші тіл, парадигма.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/pqbz6220
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0