Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 157-169
І. ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «ҚАҺАР» РОМАНЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАР
Аннотация · Abstract
І. Есенберлин - проза саласында аса жемісті еңбек етіп, артына мол мұра қалдырған туысы бөлек қаламгер. І. Есенберлиннің «Қаһар» романында кеңінен қолданылған фольклорлық оқиғалар туындының көркемдік әлемінде салмақты орын алады. Жазушы қазақ халқының танымына сай оқиғаларды романның өн бойына шебер өреді. Мақалада көрнекті жазушы І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы фольклорлық сарын мәселесі, ауыз әдебиетіндегі бейнелер, архетиптер мен сюжеттік желілер қарастырылады. «Қаһар» романында тарихи фактілерге негізделген сюжет арқауында кейіпкерлердің жан-жақты ішкі және сыртқы қарама-қайшылыққа толы тұлғалар екендігі көрсетіледі. Романда кездескен көне фольклор көріністері, мифтік нанымдар, сараланып, өз кезегінде аңыз-әңгімелерге талдау жасалды. Қазақ халық ауыз әдебиетінде сақталған түс жору сарыны да сараланды. Жазушы «Көшпенділер» трилогиясында Шыңғыс хан әулетінің салт-дәстүрін бейнелеу үшін аңыздарды көп қолданған. Аңыздар шығармада орынды қолданылып, әрқайсысына түсінік беріледі. «Қаһар» романында «Абылайдың түсі», «Кенесарының түсі» атты аңыздардың, мифтік элементтердің, жалпы фольклорлық сарынның көріністері шығарма идеясын айқындауда ерекше қызмет атқарғаны анықталады. Тарихи туындыларда ел аузындағы деректер арқылы, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, көпшілікке танылған айтулы тұлғалардың бейнелерін қайта жаңғырту үрдісі жиі кездеседі. Сонымен қатар бұл мақалада «Қаһар» романының көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Кілтті сөздер: тарихи роман, фольклорлық сарын, архетип, мінез-құлық, ауыз әдебиеті, трилогия, сюжет.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/pqbc6686
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0