Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 1,2024, с. 19-28
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ НАРРАТИВТІК ИДЕЯ
Аннотация · Abstract
Әдебиеттану саласындағы «нарратология» бағытын зерттеу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әдеби көркем шығармада баяндау тәсілі сюжет арқылы берілетіндіктен, проза жанрына нарративті талдау жүргізу әдісі жиі қолданылады. Поэзияның құрылымы прозадан ерекшеленетіндіктен, автор нарратив бағытының поэзиямен байланысын айқындауды мақсат еткен. Мақалада автор ғылыми терминнің пайда болу және даму кезеңін теориялық тұжырымдарға сүйене отырып жүйелеп, нарративтің негізгі категорияларын баяндау типологиясына негіздеген. Мақалада нарратология ғылымына берілген анықтамалар мен тұжырымдар жинақталынып, поэзия жанрында нарративтік идеяны танудың әртүрлі тәсілдері көрсетілген. Ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов поэзиясындағы нарративтік идеяларды тануда қолдануға болатын жүйе ұсынылған. Өлең мәтініндегі нарративтік идея мен құрылымдық ерекшеліктердің логикалық байланысына баса назар аударылған. Ақынның поэзиясынан мысалдар келтіріп, талдаулар жасалған. Қорытынды бөлімде автор «нарратив – нарратор мен баяндалатын әлем арасындағы делдал болып табылады, яғни баяндау мәні арқылы туындының шындығын пайымдауға әкеледі» деген тұжырымға келеді. Зерттеу нәтижелерін «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиет теориясы» салалары бойынша зерттеулерде қолдануға болады. Кілтті сөздер: нарратив, нарративтік идея, нарратор, сюжет, фабула, поэзия, өлең құрылысы, ақын.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ppod7132
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0