Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 399-408

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ОККАЗИОНАЛИЗМДЕР

Ақмарал Сәркенқызы, Жанбай Тұрарұлы Қадыров, Айғаным Сайрановна Бейсенбаева

Аннотация · Abstract

"Тілімізде көкейге қонымды, көркем орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері көп-ақ. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдермен пара-пар келетін бұл сөз орамдарын жоғары бағалап, оларды қастерлей сақтап келеді. Сол сан-салалы сөз орамдарын жинап, бір ізге түсірудің маңызы зор. Мақалада көркем шығармаға ерекше көрік беретін тұрақты тіркестер талданған. Окказионализмдерге ғылыми тұрғыдан сипаттама берілген. Ақын М. Жұмабаевтың тұрақты тіркестерді түрлендіріп, өзіндік авторлық тіркестерді ұсынғаны қарастырылған. Авторлық тіркестер, яғни, окказионализмдердің шығармадағы рөлі айқындалған. Олардың мән-маңызы сарапталған. Қазақтың көркем сөзінің құдіреті танылған. Окказионализмдердің ерекшелігі шығарма контексіне сай талданған. Ақын қолданған тіркестер шығармаға ерекше өң бергені сарапталған. Сонымен қатар, М. Жұмабаевтың авторлық тіркестерді қандай мақсатта қолданғаны талданған. "

Сведения · Details