Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 159-173

"ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ДЕБАТ ЖӘНЕ ПІКІРТАЛАС ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ "

Қ. Т. Жанұзақова, Ә. Ғ. Тұрар

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада драмалық жанрдың ерекшеліктері, оның оқу процесіндегі орны мен маңызы жан-жақты талданады. Мектеп бағдарламасындағы әдебиет пәнінен драмалық шығармаларды оқытудың тиімділігі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқыту әдістемесіне қойылатын жаңа талаптар аясында дебат және пікірталас сияқты белсенді әдістердің маңыздылығы айқындалады. Аталған әдістер әдебиет сабағында оқушылардың сыни ойлауын дамыту, олардың шығарманы терең түсінуіне ықпал ету және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда маңызды құрал ретінде зерделенеді. Зерттеу нысаны ретінде М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және Д. Исабековтің «Әпке» драмалары қарастырылады. Мақалада драмалық шығармаларды талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері талданады. Дебат әдісін драмалық шығармаларды оқытуда қолдануға байланысты шетелдік ғалымдардың пікірлері мен еңбектері қарастырылады. Зерттеу барысында аталған әдістердің теориялық негіздері талданып, оларды әдебиет сабағында тиімді қолдану жолдары ұсынылады. Сонымен қатар, драмалық шығармалардағы кейіпкерлер мен қақтығыстарды талдауда дебат және пікірталастың рөлін айқындау мақсатында практикалық тәсілдер көрсетіледі. Мақалада интербелсенді оқытудың драмалық шығармаларды оқытуға қатысты әдістерін жүйелеп, оны мысалдар арқылы нақты көрсетіледі. Сондай-ақ, білім алушылардың драмалық шығармаларды қабылдау ерекшеліктері мен оларды тиімді меңгертудің әдістемелік жолдары ұсынылады. Кілтті сөздер: драма, көркем шығарма, оқыту әдістері, интербелсенді оқыту, дебат, пікірталас, білім мазмұны. "

Сведения · Details