Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2020, № 4.2020, с. 145-153

ДЕСТИНАЦИЯЛЫҚ БРЕНДИНГТІ ЖҮРГІЗУДЕГІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ КӨЗҚАРАСТАР

Гаухар Ильясовна Ешенкулова, Рина Есимовна Ағыбетова, Жансая Ержанкызы Тұрғамбекова

Аннотация · Abstract

Мақалада дестинациялық брендингті жүргізудегі институционалды көзқарастарға мән беріледі. Дестинациялық бренд тұжырымдамасы маркетингтің жерді дамыту контексті арқылы құрылып, қолданылуда және аумақты жылжытудың теорияларынан бастау алады. Мақала зерттеуінің мақсаты, дестинациялық брендингтің нәтижелі жүргізілуін сипаттайтын көзқарастарды анықтау. Дестинациялық брендинг өз қызметінің нәтижесінде экономикалық дамуды көздейді. Сонымен қатар, мақала зерттеуінде аумақты дамытудың тәсілдері мен табыс факторлары дестинация брендін қалыптастырудың алғышарты ретінде көрініс тапқан. Институционалдық зерттеулерге сүйенетін стратегиялық жоспарлаудың негізгі принциптеріне де мән берілді. Аумақ брендингін жүргізудегі институционалды көзқарастарға сәйкес мүдделі тараптардың жүйелі қызметінің нәтижелілігі айқындалды. Зерттеу мақсатына жетуде дестинациялық брендингті жүргізудің тиімді тәжірибелерінің ұлттық брендингті жүргізудің институционалды үлгісімен ұқсастықтары анықталды.

Сведения · Details

Профили авторов · Author profiles