Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 2,2025, с. 63-77

ҚҰЙМА СИЛИКОНДАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ

К. К. Елемесов, Б. С. Бейсенов, Д. Д. Басканбаева, Е. Е. Сарыбаев, Д. Е. Балгаев

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада полимербетоннан жасалған бұйымдарды құюға арналған қалыптық жабдықты дайындауда қолданылатын құйма силикондар туралы ақпаратты талдау ұсынылған. Әртүрлі силикон түрлерінің сипаттамалары, соның ішінде Шор қаттылық көрсеткіштері, үзілу кезіндегі ұзарту, сызықтық шөгу және құймалардың дәлдігіне, тозуға төзімділігіне және сапасына әсер ететін басқа да қасиеттері сипатталған. Лабораториялық сынақтар бес түрлі силикон маркаларына жүргізілді: Силагерм 5045, Силагерм 6070П, Пентэласт 710, SilcoTin 40 және PolyFlex 80. Сынақтарды жүргізу әдістемелері және алынған нәтижелердің салыстырмалы талдауы ұсынылған. Зерттеу мақсаты – әртүрлі мақсаттағы құю қалыптарын жасауға қолданылатын материалдардың физикалық қасиеттерін зертханалық анықтау және салыстыру. Эксперименттік деректер негізінде бұйымдардың өлшемі мен конфигурациясына байланысты силиконды таңдау бойынша ұсыныстар берілген. Кішігірім қалыптар үшін жұмсақ компаундтарды пайдалану ұсынылса, ірі қалыптар үшін жоғары қаттылықтағы силикондарды қолдану ұсынылады. Бұл жұмыс полимерлі материалдардан құю саласында қалыптық жабдықты әзірлеумен және пайдаланумен айналысатын мамандар үшін пайдалы болуы мүмкін. Бұл сынақ үшін силикондар дайындалды. Ол үшін бірдей қалыпқа силикондар құйылып, нұсқаулық пен қауіпсіздік техникасын қатаң сақтадық. «Силикондық парақтар» қатқаннан кейін, олардан екі жақты қалақша пішініндегі жыртылу сынағы үшін қажетті формалар кесілді. Ал Шор қаттылығын анықтау үшін парақтың қалған бөлігі қолданылды. Кілтті сөздер: құйма силикон, екі компонентті компаунд, құю қалыптары, қаттылыққа сынау, созылу сынағы.

Сведения · Details