Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2021, № 1.2021, с. 122-131

МАҚСАРЫ МАЙЫНЫҢ МАЙ ҚЫШҚЫЛДЫ ҚҰРАМЫСЫН ЗЕРТТЕУ

Мухтарбек Муканович Какимов, Жулдыз Исаковна Сатаева, Бауыржан Мырзабекович Искаков, Томирис Елдосовна Маратова

Аннотация · Abstract

Мақалада мақсарының тарихы, оның құрамы мен құрылымы, ерекшеліктері және адам ағзасына пайдасы жайлы мәліметтер берілген. Сонымен қатар, көне заманда Мысыр, Жапония мен тағы басқа мемлекеттерде мақсарыны бояғыш, дәрі-дәрімек, тамақ дайындауға және тағы сол сияқты мақсаттарда пайдаланғаны жайлы баяндалған. Қазіргі таңда, дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына әсері тілкелей екені барлық адамдарға аян. Ал мақсары майының құрамындағы полиқанықпаған май қышқылдарының адам денсаулығына оң әсері, оның ішінде холестерин деңгейін түсіруге, жүрек-қан тамыр ауруларының пайда болуын төмендетуге және басқа аурулармен күресуге көмегі жайлы жазылған. Мақсары майының құрамындағы F дәруменінің адам ағзасына деген пайдасы жайлы толық мәліметтер баяндалған, сонымен қатар егер аталмыш дәруменнің жетіспеушіліге қандай ауруларға әкелетіні жайлы айтылған.Ғалымдардың соңғы зерттеулер нәтижесінде мақсарының Ақмай сұрыпының химиялық құрамы, мақсары майының май қышқылды және химиялық құрамы кесте түрінде сипатталған. Мақсары майының құрамы көптеген пайдалы заттарға толы. Ең маңыздысы, мақсары майының құрамындағы омега-6 полиқанықпаған май қышқылдарының адам ағзасында бөлінбейтін пайдалы заттың мөлшері өте көп.

Сведения · Details

Профили авторов · Author profiles