Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 3,2025, с. 182-194
БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ИНЕРТТІ ГАЗДАРДЫҢ WAAM ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ӨНДІРІЛГЕН БОЛАТТЫҢ МИКРОҚҰРЫЛЫМЫНА ӘСЕРІ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада сым доғалық аддитивті өндіріс (Wire Arc Additive Manufacturing – WAAM) технологиясында қолданылатын белсенді (CO2) және инертті (Ar) қорғаушы газдардың ER70S-6 төменгі көміртекті болат дәнекерлеу сымынан алынған үлгілердің микроқұрлымына әсері жан - жақты зерттелді. Эксперименттік зерттеу барысында бірдей технологиялық параметрлерді оңтайлы қолданылып, тек қорғаушы газ түрі өзгертілді. Алынған үлгілерді алдын ала дайындап, оларға металлографиялық және микроскопиялық әдістермен кешенді талдау жүргізілді. CO2 белсенді қорғаушы газ қолданылған үлгілерден феррит, перлит және цементит фазалары, ал Ar инертті қорғаушы газ қолданылған үлгілерден феррит, перлит, аустенит және мартенситтік құрылымдар анықталды. Сонымен қатар, аргон газы кеуектіліктің азаюына және құрылымының біркелкі болуына оң әсер ететіні көрсетілді. Бұл аргонның аддитивті өндіріс кезінде құйылған үлгінің балқыманың тұрақтылығына, қату процесіне және термиялық әсер ету аймағының сапасына оң әсер ететінін дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері WAAM технологиясында қорғаушы газдың микроқұрлымдық қалыптасуға және дайын өнім сапасына әсерін нақты көрсетті. Бұл жұмыс болашақта жоғары сапалы, сенімді және ұзақ қызмет ететін металл конструкцияларын аддитивті әдіспен дайындауда газды дұрыс таңдаудың шешуші рөл татқаратынын көрсетеді. Кілтті сөздер: аддитивті өндіріс, WAAM технология, болат, қорғаушы газ, микроқұрылым, кеуектер.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/pgvw6395
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0