Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2022, № 3.2022, с. 22-31
"МЕДИАДИСКУРС ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ "
Аннотация · Abstract
"Мақалада лингвистикалық зерттеулердегі медиадискурс ұғымы, зерттелуі, медиадискурс түрлері қарастырылады. Медиадискурсты талдау мәселелері, жаңалықтар дискурсы, жарнама дискурсы, PR дискурстар; ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық дискурстар, идеологиялық дискурстар және т.б. дискурс түрлері мен олардың бір-бірінен айырмашылықтары туралы сөз болады. Зерттеуде медиадискурстық талдаудың ақиқатты баяндау, оны интерпретациялау, қабылдаушының санасына ықпал ету, оқиғаны бағалау, болжау тәрізді сипаттары дәйектеледі. Медиадискурстың мақсаты оның белгілі бір пәндік салаға қатысты белгілі бір модальділікте болуын білдіреді. Медиадискурс аясына оның тақырыптық және семантикалық «өзегін» құрайтын ұғымдар кіреді. Медиадискурсты зерттеудегі негізгі мәселелер сараланып, оларға медиамәтін деңгейінде мағынаның құрылуы, шындыққа қатысты орындалатын дискурсивті әрекет, дискурсты ұйымдастырудағы коммуниканттардың адресат және адресант топтарының құрылуы т.б. мәселелерді жатқызады. Сонымен қатар мақалада медиадискурстың өмір сүру формасы болып табылатын медиамәтіндердің ерекшеліктері сипатталады. Мақала авторы медиадискурсты зерттеудің негізгі мәселелерін, медиадискурстың мақсаттарын саралай келе, медиадискурс - БАҚ саласындағы өнімдер мен процестердің жиынтығы болып табылатын дискурс нысандарының бірі деген тұжырым жасайды "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/pbti6470
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0