Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 22-36
Адами қасиеттерді сипаттайтын сөздердің семантикалық өрісі
Аннотация · Abstract
"Мақалада авторлар тіл білімінде тілші ғалымдардың лексика-семантикалық топ терминіне берген анықтамалары мен тематикалық топтан айырмашылықтарын саралаған ғылыми тұжырымдарын және сөздерді лексика-семантикалық топтарға топтастыруда негізге алынатын басты белгілерді талдаған. Компоненттік талдау әдісі арқылы анықталатын сөздердің ең кіші бөлшегі семалар және олардың түрлері жөніндегі пікірлерді саралап, лексика-семантикалық топтағы сөздердің арасында парадигмалық байланыстың болатындығын айтады. Авторлар қазақ тіл білімінде М. Оразовтың есім сөз таптарын топтастырған тематикалық топтарын негізге ала отырып, адам бойындағы қасиеттерді сипаттайтын сын есімдерді жалпылаушы семаларына қарай лексика-семантикалық топқа топтастырған. Ол топқа енген сөздердің айырушы семаларын талдай келе, кіші семантикалық топтарға жіктеген. Тұжырымдарының дұрыс-бұрыстығын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижесіне талдау жасаған. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ozob5414
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0