Science and Technology of Kazakhstan, 2022, № 1.2022, с. 196-207
Күкірт қышқылы өндірісіндегі техникалық жүйелердің сенімділігін арттыру
Аннотация · Abstract
Қазақстанда шикізаттарды өндіру көлемі жыл өткен сайын қарқынды өсуде. Химико-технология саласының техникалық жүйелерін пайдаланудың сенімділік деңгейі өндірістің тиімділігін арттыру, өндірістік шығындарды азайтумен тікелей байланысты, мысалға энергетикалық ресурстарға және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына және тағы да басқа жұмыстар. Ал бұл жұмыстар өнеркәсіп қондырғыларының техникалық жағдайына, яғни қондырғылар сенімділігі мен техникалық диагностика әдістемелерін арттыруға байланысты іс шараларды дұрыс жүргізуге байланысты болады. Мұндай жағдайда химико-технология саласында қолданылатын әдістемелер мен техникалық жабдықтарды жетілдіруге арналған ғылыми жұмыстарды дайындау мәселелері туындайды. Өндірістік обьектілердің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттырудағы ғылымның ролі ерекше, сондықтан химико-технологиялық жүйелердегі апаттардың алдын алу өзекті мәселе болып табылады. Техникалық жүйелердің сенімділігін анықтау үшін бастапқы өлшемдердің физикалық мәнін – шығын, қысым, температура, электрлік өлшемдерді білу қажет. Химико-технологиялық қондырғылары жұмыстарының сенімділігін анықтаудың өзіне тән бірнеше қасиеттері бар. Үлкен кеңістікте орналасқан жұмыс орындары, ауыр табиғи жағдайлар, шарттары өзгеріп тұратын технологиялар, тұрақты жұмыс жасайтын қондырғыларды істен шығарады. Сол себепті сенімділік параметрлерін жорамалдау кезінде істен шығуды модельдеу үлкен роль атқарады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/oyvg5314
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0