Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2024, № 4.2024, с. 124-137
ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ АЙШЫҚТАУ
Аннотация · Abstract
Ықтималдықтар теориясы математиканың кең қолданысқа ие және математикалық статистика, кездейсоқ процесстер теориясы, стахостикалық анализ, регрессиялық анализ сынды көптеген тікелей үздіксіз жалғасы бар, бірнеше маңызды мамандықтардың (статистика, актуарлық математика, аналитик т.с.с.) негізі болып табылатын саласы. Осыған орай ол жеке пән ретінде математика, механика, компьютерлік ғылымдар сынды немесе жоғары математика пәнінің бөлігі ретінде экономика, жаратылыстану ғылымдары сияқты білім беру бағдарламаларының құрамына енген. Дегенмен, математикадан бөлек білім беру бағдарламаларына арнайылап әзірленген ықтималдықтар теориясы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының мұзмұндары көбіне пәннің тақырыптарымен шектеліп, білім бағдарламаларына қажетті деңгейде бейімделмейді. Мақалада Ықтималдықтар теориясы пәні мысалында пәнаралық байланыс мәселесі талданады. Ықтималдықтар теориясының басқа салаларда қолданысын көрсететін алғашқы дереккөздерге, сонымен қатар, экономика, жаратылыстаны ғылымдары білім беру бағдарламаларына арнайылап жазылған оқулықтар мен оқу құралдарына шолу жасалып, артықшылықтары мен кемшіліктері мазмұндалады. Қорытындысында, ықтималдықтар теориясының қолданбалы мәселелерді шешудегі мысалдары мазмұнды есептер мен оларды шығару жолдарын көрсету арқылы айшықталды. Атап айтқанда, мақалада ықтималдықтар теориясының физика мен астраномиядағы қолданысы, сақтандыру саласында қойылатын мәселелерде оны тікелей қолдану арқылы шығару әдістері мен жолдары да келтірілген. Толық теориялық және стандартты мысалдармен қоса білім бағдарламасына қатысты мәселелерді шешу арқылы сол мамандық иелеріне бейімдеу негізінде пәнді беру білім деңгейін көтеретіндігі авторлардың тәжірибесінде көз жеткізілген. Кілтті сөздер: Ықтималдықтар теориясы қолданысы, пәнаралық байланыс, оқыту әдістемесі, ықтималдық модель, оқиға ықтималдығы
Сведения · Details
- DOI 10.48081/oyvd6899
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0