Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 1.2021, с. 18-25

"ШЕТТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕ ПӘН МЕН ТІЛДІ КІРІКТІРІП ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕР"

Шырын Адилкайровна Акимбекова, Айгерим Мейрхановна Байкулова, Бакытгул Молдағали

Аннотация · Abstract

"Мақалада шеттілдік білім беруде пән мен тілді кіріктіріп оқытуда қолданылатын әдістер қарастырылған. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту тілді тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, кәсіби бағытталған тіл ретінде меңгеруде маңызы зор болып отыр. Бұл білім алушының халықаралық жобаларға қатысуын қалыптастырып, кеңейтуге, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстар жасап, оларды нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізіп қана қоймай, оларды еркін пайдалана алатындай жағдайға қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пән мен тілді кіріктіріп оқыту сабағында оқушы алынған ақпаратты талдап, бағалайды, сыни тұрғыдан ойлауды қолданады. Сондай-ақ пән мен тілді кіріктіріп оқытудың көптеген сабақтары студенттерді әртүрлі мәдениеттерге баулуға, сонымен қатар мәдениаралық дағдыларды дамытуға арналған. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі білім алушылардың бойында тұлғааралық дағдыларды, мәдени хабардарлықты қалыптастыруға, тілдік және коммуникативтік құзыреттіліктерді арттыруға ықпал етеді және де әдістемені қолдана отырып ағылшын тілінде оқыту мета-тақырыптық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді және практикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, атап айтқанда мәдениетті, интернационализацияны, тілдік құзіреттілікті, оқуға дайындығын дамытып қана қоймай, жаңа білімді өмірде қолдана білуге ​​және сәйкесінше өмірге деген ынтасын арттыруға, назар аударуға мүмкіндік береді. "

Сведения · Details