Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2023, № 4,2023, с. 110-119

НАТРИЙ ХЛОРИДІНІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ТҰТҚЫРЛЫҒЫНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАҒА ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ КЛАСТЕРЛІ-АССОЦИАТТЫҚ МОДЕЛІ

Л. А. Бекбаева, А. М. Макашева

Аннотация · Abstract

Мақалада авторлар күрделі бейорганикалық зат - натрий хлориді тұтқырлығының температураға тәуелділігін алды және ұсынылған математикалық модельді тексерді. Тұтқырлық сұйықтықтың қозғалыста және тыныштықта болатын хаосқа сезімтал қасиеті ретінде қарастырылады. Тұтқырлықтың математикалық моделі Больцманның таралуы мен ретсіз қозғалатын бөлшектер тұжырымдамасын қолдану арқылы жасалды. Осы негізде тұтқырлықтың иерархиялық кластерлі-ассоциаттық моделі құрылды, ол тек бастапқы кластерлердің түзілуін ғана емес, сонымен қатар кластерлердің ассоциациялану дәрежесін анықтау мүмкіндігімен оларға қатысы бойынша екінші ретті ассоциаттарды да ескереді. Кластерлі-ассоциаттық модельді эксперименттік деректерге бейімдеу үшін модельдің белгісіз параметрлерін анықтау үшін деректерді өңдеудің белгілі бір әдістері жасалды. Тұтқырлық бойынша деректерді өңдеу әдісі барлық жиынтық ішінен тек үш негізгі нүктелерді қолдана отырып, ассоциаттардың агрегация дәрежесі көрсеткішін анықтауға мүмкіндік береді. Натрий хлоридінің тұтқырлығы бойынша деректерді өңдеу кезінде анықтамалық шамалармен есептелген шамаларды салыстырғанда корреляцияның жоғары коэффициенті анықталды, бұл жаңа тәуелділіктің адекваттылығын, барабарлығын көрсетеді. Берілген модель натрий хлориді тұтқырлығының әрекетін әлдеқайда жоғары температуралар аймағында болжауға мүмкіндік береді. Тұтастай тұтқырлыққа және ассоциаттардың бұзылу динамикасына сәйкес, температураның жоғарылауымен кластерлердің ассоциация дәрежесі төмендейді. Кілтті сөздер: Больцманның таралуы, динамикалық тұтқырлық, хаотикалық бөлшектер, ассоциат, кластер, натрий хлориді.

Сведения · Details