Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 3.2025, с. 6-17

ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫ

А. А. Азимхан, А. А. Тапалова, А. Р. Сейтжапарова, Б. М. Шукурова, Р. Ә. Есберген

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада ұйымның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылып, Ақтөбе халықаралық әуежайының қызметі мысалында талдау жүргізілді. Зерттеу барысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, инфрақұрылымдық жағдайы, кадрлық әлеуеті және сыртқы қауіптерге бейімділігі сарапталды. Сонымен қатар, ұйымның экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторлар анықталып, SWOT-талдау арқылы оның әлсіз және күшті жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері жүйеленді. Авторлар экономикалық қауіпсіздікті нығайту мақсатында нақты ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, табыс көздерін әртараптандыру, цифрлық технологияларды енгізу, кадрлық саясатты жетілдіру және тәуекелдерді басқару жүйесін күшейту жолдары ұсынылды.. Зерттеу объектісі ретінде Ақтөбе облысындағы «Әлия Молдағұлова халықаралық аэропорты» акционерлік қоғамы қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде Ақтөбе халықаралық әуежайының экономикалық қауіпсіздік деңгейі орташа деп бағаланды. Қаржылық тұрақтылық белгілі бір дәрежеде қамтамасыз етілгенімен, табыс құрылымының жолаушылар ағынына тәуелділігі ұйымды сыртқы экономикалық әсерлерге осал етеді. Инфрақұрылымның бір бөлігі жаңартылғанымен, техникалық құрал-жабдықтардың ескіруі операциялық тәуекелдерді арттырады. Сонымен қатар, жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі мен кадр тұрақсыздығы кадрлық қауіпсіздіктің әлсіз тұсы ретінде анықталды. Зерттеу барысында ақпараттық технологиялардың жеткіліксіздігі мен цифрлық жүйелердің толық енгізілмеуі де қауіп факторлары ретінде белгіленді. Нәтижесінде, табысты әртараптандыру, цифрландыруды жеделдету, кадрлық саясатты күшейту және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру сияқты нақты шаралар ұсынылды.

Сведения · Details