Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2023, № 2.2023, с. 287-297

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Ж. Н. Молдабеков, Е. Жуматаева, Қ. Ә. Ибрагим

Аннотация · Abstract

Мақалада студенттердің талғамын дамытуға көмегін тигізер отандық, Ресей және шетел зерттеушілерінің педагогика, психология, философия, мәдени-әлеуметтік ілімдеріне субстанция болар тұғырнамалардың феномені айқындалып талданды. Оқу үдерісінің басты заңдылығы – білім мазмұнындағы қажетті нысаналарды саралау шеберлігі психологиялық бағамның құралдары ретінде перцептивті және апперсепселі қабілеттіліктерінің күннен-күнге өсу траекториясын қамтамасыз ету. Бұл жағдайда, кескіндемеге, сурет өнеріне қатысты эстетикалық талғамды заманауи мүддесіне сәйкестендіруге білім философиясы, педагогика мен психология ілімдерінің интеграциясында іске асырылуы көзделеді. Мұның өзі жоғары оқу орнына міндеттелген жалпы стандарт пен бағдарлама ауқымына сыймайтындықтан біздер тақырыпты осылай алдық. Біздің аталып отырған макаламызда құжаттар жайлы ғылыми тұжырымдарды кең ауқымда бере алмағандықтан (көлемі көтермейді), оның бір кесіндісі – студенттердің эстетикалық талғамын дамытудың әдіснамалық негіздері көлемінде талдауды жөн көрдік. Қазақ халқының көркем өнер туындыларының мәдениет өрісіндегі ғылыми туындылар зерттеліп, оның эстетикалық талғамын әдіснамалық тұрғыда айқындалды. Мақаланың құрылымы қайшылықтар зерттелген еңбектерді жинақтай отырып, болжамын, мақсат, міндеттерін анықтау сыңайында ұсынылды. Шетел, ресей ғалымдарының педагогика негізінде жазылған көркем өнер нысандары сараланып, оған өз пайымдамаларымызды білдіру, талдау және т.б. әдіс-тәсілдермен ой-пікірлерімізді түйіндедік. Эксперименттік жұмыстың доминанты болар әдіснамалық негізге қызмет етерлік өнімді әдіс-тәсілдер білімденудің жоғары деңгейіне бағдарлау бағыты матрицамен ұсынылды.

Сведения · Details