Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 328-342

САЯСИ ДИСКУРС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ САЯСАТКЕРІ СӨЙЛЕУ ПОРТРЕТІНІҢ ПРАГМАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

К. Е. Кожахметова, Б. Р. Кожахметова, Ж. Т. Балмагамбетова, Б. К. Аязбаева

Аннотация · Abstract

Мақалада саяси дискурс пен қазақ саясаткері сөйлеу портретінің прагмалингвистикалық ерекшеліктері қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі қоғамның саяси мәдениетінің дамуы, ақпараттық кеңістіктің кеңеюі және саяси коммуникация рөлінің артуына байланысты. Саясаткердің көпшілік алдында сөйлеген сөзі оның кәсіби беделін қалыптастырып, саяси мақсаттарға жетуде шешуші рөл атқарады. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ саясаткері саяси дискурсының тілдік құралдарын, риторикалық тәсілдерін, прагматикалық стратегияларын анықтау, қоғамдық пікірге әсер ету тәсілдерін сөйлеу портретін талдау арқылы айқындау. Саяси дискурс тек идеялар мен құндылықтарды білдіру құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар манипуляция, бұқаралық санаға ықпал ету және сендіру құралы ретінде де қарастырады. Зерттеуде саясаткердің сөйлеу портретінің семантикалық және прагматикалық аспектілерін айқындауға мүмкіндік беретін сыни дискурстық-талдау әдісі қолданылды. Талдау барысында саясаткер сөзіндегі эмоционалды үндеулер мен риторикалық стратегиялардың саяси мақсаттарға жетудегі рөлі анықталады. Теориялық тұрғыдан, жұмыс саяси дискурстың құрылымы мен функцияларын тереңірек түсінуге үлес қосса, практикалық жағынан, саясаткердің шешендік сөздеріне прагмалингвистикалық талдау арқылы саясаткердің тұлғалық бейнесін қалыптастыратын тілдік құралдар қарастырылды. Зерттеу қазақ саясаткерінің саяси коммуникацияның ерекшеліктерін анықтауға және тіл мен саясаттың өзара байланысын тереңірек түсінуге бағытталған. Кілтті сөздер: саяси дискурс, прагмалингвистика, сөйлеу портреті, лексика-семантикалық талдау, сыни дискурстық-талдау, риторикалық тәсілдер, манипуляциялық құралдар, қоғамдық сана, әлеуметтік-коммуникативтік жағдай.

Сведения · Details