Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2023, № 1.2023, с. 121-134
"ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ Ақтоғай өңірі топонимдеріндегі аңыздардың көрінісі "
Аннотация · Abstract
"Аңыз әңгімелер – жеріміздің елді мекендері, географиялық орындарының тарихынан сыр шертетін халық ауыз әдебиетіндегі құнды жанрдың бірі. Елімізде тарихи-филологиялық зерттеуді қажет ететін мұндай объектілер көптеп келеді. Аталмыш жанр арқылы әр халықтың өзіндік ерекшелігін, менталитетін көруге болады. Бұл осы тақырыпты зерттеудің өзектілігі де болып табылады. Мақалада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы топонимдерінің этимологиясы және ел аузындағы аңыздардағы көрінісі қарастырылады. Сол ауылды мекеннің болмыс-тіршілігі, өмір сүру салты, әдет-ғұрпы ашылып сипатталады. Топонимикасын зерделеу арқылы халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, өзіндік ұстанымы, рухани байлығы көрініс беріп, кейінгіге мұра боп жинақталды. Талай дара таланттардың мекені Ақтоғай ауданы бойынша аңызға тұнған көптеген мекендердің аталу тарихы мен шығу негізі анықталып, жинақталды. Сол жерде дүниеге келген, мекендеген тарихи тұлғалар топтастырылды. Алашорданың үш көсемі, халқымыздың біртуар ұлдары Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермековтерден бастап, басқа да би-шешендер, әнші, батырлар шыққан алтын құрсақты қасиеттілігі дәйектеле ашылды. Ардақты тұлғалардың есімі аталмыш мекенмен тығыз байланысты. Өңірде атаулары бар болғанмен, тарихы ашылмай жатқан біраз жерлер бар, соған орай әртүрлі дереккөздерден аңыздар жинастырылды, өңірдің қариякөз ақсақалдарынан сұхбат алынып, әңгімелері жинақталып ұсынылды. Мақалада Ақтоғай өңірі топонимикасы атауларын анықтаумен қатар халқымыздың ерекше болмысы, батырлығы, жомарттығы, отансүйгіштік, бауырмалдық, мейіріміділік қасиеттері мен таным-түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы танылады. Жер-су аталымына байланысты аңыздар желісінен аңыздар мен топонимдер этимологиясы арасында мағыналық, номинациялық байланыстарды байқауға болады. Яғни аңыздар мазмұны мен топонимдер атауының этимологиясы өзара байланысты алынған. Кілтті сөздер: топонимдер, географиялық атаулар, топонимикалық аңыздар, ежелгі ауыз әдебиеті, этимология. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/osdi2040
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0