Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 4,2025, с. 212-226
Жалпыланған комплекс сандардың Галилей және Лоренц түрлендірулерін сипаттаудағы рөлі
Аннотация · Abstract
Мақалада гиперболалық тригонометрияның іргелі элементар қасиеттері қарастырылып, олардың арнайы салыстырмалылық теориясын геометриялық тұрғыдан интерпертациялаудағы қолдану мүмкіндіктері талданады. Бұл мақалада арнайы салыстырмалылық теориясындағы Лоренц түрлендірулерін және кинематикалық қатынастарды сипаттау үшін жалпыланған комплекс сандарды қолдану әдістері қарастырылады. Ұсынылып отырған тәсіл Лоренц түрлендірулерінің математикалық табиғатын және релятивистік кинематиканың құрылымдық ерекшеліктерін қарапайым әрі жүйелі түрде түсіндіруге мүмкіндік береді. Жалпыланған комплекс сандардың алгебралық қасиеттері, геометриялық түсіндірмесі және гиперболалық айналу формализміндегі рөлі талданады. Сонымен қатар жалпыланған Эйлер формуласы, гиперболалық тригонометриялық функциялар және олардың арнайы салыстырмалылықтағы физикалық интерпретациялары келтіріледі. Жұмыста гиперболалық тригонометрияның ең қарапайым қасиеттерін қарастырып, олардың арнайы салыстырмалылық теориясын қарапайым әрі мазмұнды геометриялық тұрғыдан түсіндіру үшін қалай пайдаланылатынын көрсетеміз. Бұл тәсіл Лоренц түрлендірулерін және релятивистік кинематика заңдылықтарын айқын әрі тікелей түсінуге жол ашады. Мақалада пайдаланылған геометриялық және гиперболалық комплекс сандар әдісі бакалавриат және магистратура деңгейінде дәстүрлі түрде қарастырылмайтын баламалы тригонометрия түрлерінің кең спектрін айқындайды. Мұндай баламалы тригонометрияларды енгізу оқу үрдісінде студенттер мен оқытушылар үшін қосымша теориялық әрі тиімді әдіснамалық құрал ретінде құнды болуы мүмкін. Кілтті сөздер: арнайы салыстырмалылық теориясы, жалпыланған комплекс сандар, Галилей түрлендіруі, Лоренц түрлендіруі, дуал сандар, гиперболалық бұрыш, жалпыланған парабола, гиперболалық комплекс сандар.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/orjn1032
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0