Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 1,2024, с. 118-128
ҚҰРАМЫНДА БОРЫ БАР СИЛИКОХРОМ КӨМЕГІМЕН ТӨМЕНКӨМІРТЕКТІ ФЕРРОХРОМДЫ БАЛҚЫТУ ПРОЦЕСІН ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Аннотация · Abstract
Аталмыш мақалада қолданыстағы технологиялық процестерді талдау және жаңа технологиялық үрдістердің құралы болып табылатын модельдеуге негізделген зерттеу жұмысы көрсетілген. Өзінің тиімділігіне байланысты ол жаңа процестер мен металдарды игеру үшін кең қолданыс тапты. Бұл жұмыста Толық термодинамикалық талдау әдісін қолдана отырып, феррохромның төменкөміртекті маркаларын балқыту кезінде кешенді қалпына келтіргіш ретінде қолданылатын бордың берілген құрамымен силикохромды балқытудың технологиялық процесін модельдедік. Шихтаның құрамы мен температурасының балқыту өнімдерінің химиялық және фазалық құрамына әсері зерттеліп, шихта элементтерінің металға өту дәрежесі белгіленді, қорытпаны алудың оңтайлы шарттары табылды. Термодинамикалық талдау негізінде сонымен қатар технологиялық температураны таңдау (1750-1800 °С және одан жоғары) балқудың кинетикалық жағдайларымен, алынған металдың және шлактардың балқу температурасымен байланысты екендігі көрсетілген. Жалпы алғанда, есептеу-теориялық талдау және термодинамикалық модельдеу тотықсыздандырғыш ретінде боры бар силиохромды қолданудың тиімділігін көрсетті. Силикохромдағы бордың берілген мөлшері (0,3–0,7 %) қожда 0,3–0,5 % В2О3 болуын қамтамасыз ететіні көрсетілген. Бұл ыдыраудан жоғары негізді шлактарды тұрақтандырудың маңызды мәселесін шешуге жеткілікті. Сонымен бірге олардың физикалық қасиеттерінің де жақсаруы байқалады, бұл ақыр соңында балқу режиміне және шлактан металдың жоғалуына оң әсер етуі керек. Кілтті сөздер: TERRA, термодинамикалық модельдеу, бор, математикалық жоспарлау, шлак, хром.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/orbv6015
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0