Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 129-140
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІН АЙҚЫНДАУДЫҢ ЛИНГВОАКСИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Аннотация · Abstract
Мақаланың мақсаты – ұлттық құндылықтарға лингвоаксиологиялық талдау жасау арқылы азаматтық сананы ояту, ұлттық бірегейлікті сақтау мен дамыту жолдарын қарастыру. Мақаланың ғылыми жаңалығы талдау жүйесінің бағалауыштық құрылымдағы «жақсы» мен жаман оппозициясына негізделіп, талдау жасаудың үлгісі мен моделінің берілуінде. Бұл зерттеудің бірегейлігіне жақсы позициясы арқылы ұлттық құндылықтарға тән сапалық белгілер, жаман позициясында ұлттық құндылықтарға қарсы жүретін сапасыз белгілер және құндылықтар мен антиқұндылықтарға субъект тарапынан баға беруге болатын өлшемдердің талдамасы (анализ) кіреді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы ұлттық құндылықтарға лингвоаксиологиялық талдау жасау, ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолы ретінде түсіндіріледі. Талдау барысында ұлттық құндылықтарға қатысты жеке адамдардың субъективті көзқарасы қалыптасатыны, сол арқылы ұлттық құндылықтардың мәнін түсіну процесі жүретіні дәлелденеді. Ол ізгілікті қоғам орнату мен жаһандық мәдениетке жұтылып кетпеудің жолы ретінде талданады. Тақырыпты ашуда бағалау, салыстыру, жүйелеу, модельдеу әдістері қолданылады. Зерттеудің әдіснамалық негізі А. Шаңбаева, И. Ивин, Е. Вольф, Н. Арутюнова т.б. ғалымдардың философиялық, лингвистикалық зерттеулері болды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – бұл мақала ЖОО «Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәрістерге, семинарларға дайындық кезінде қосымша материалдар ретінде пайдалануы болады. Кілтті сөздер: антиқұндылық, лингвоаксиология, ұлттық бірегейлік, бағалауыштық жүйе, сыни зерделеу.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/olrd4608
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0