Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 2.2021, с. 37-47
ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІН КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ – ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Аннотация · Abstract
"Қазіргі әлемде жоғары оқу орындарында оқытудың перспективалы бағыттарының бірі компьютерлік технологияларды пайдалану болып табылады, бұл оқытуды дамытудың жаңа кезеңі болып табылады. Электрлік және электронды тізбектерді жобалау және модельдеу сияқты технологиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін әртүрлі техникалық және бағдарламалық құралдар қолданылады. Инженерлердің қазіргі кәсіби қызметінде компьютерлік модельдеу әдістерін енгізудің кеңейіп келе жатқан саласы мен компьютерлік технологияларды жеткілікті меңгере отырып, мамандар даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің дамымауы арасындағы негізгі қайшылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, техникалық ЖОО-да кәсіптік білім беру жүйесінде іске асырылатын компьютерлік модельдеу әдістерін игеруге бағытталған арнайы курстың болмауы. Зерттеудің негізгі мақсаты – электр тізбектерін компьютерлік модельдеу саласындағы техникалық жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау. Мақалада зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері және электротехниканы оқыту саласындағы ғылыми-зерттеу процесі жүзеге асырылатын зерттеу әдістері, есептеу және салыстыру әдістері қарастырылды. Мақалада виртуалды зертханалық жұмыстардың түрлері ұсынылған. Сонымен қатар виртуалды зертханалық жұмыстардың мүмкіндіктері сипатталған, артықшылықтары келтірілген. Электрондық зертханалық жұмыстардың тұжырымдалған құзыреттеріне шолу жасалды. Виртуалды зертханалық жұмыстарды орындаған студенттердің электротехника бойынша теориялық материалды игеру нәтижелерін салыстырмалы талдау жүргізілді. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/oiym6292
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0