Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 2.2022, с. 76-87
ОҚУ ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАР МЕН ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУ
Аннотация · Abstract
Мақалада оқу жобасының қазіргі модернизацияға ұшыраған білім жүйесіндегі алатын орны мен тиімділігі жасалған апробациялық тәжірибе негізінде ой қозғалған. Мақалада мұндай жаңартылған модельдер бойынша оқыту тілдік тұлғаның жан-жақты қалыптасуына ана тілдің ғана емес, шет тілдің де маңызды басымдылыққа ие екендігін негізге алады. Сондай әдістердің бірі ретінде бүгінде қазақстандық білім нарығында коммуникативті әдіс-тәсілінің қолданыс аясы кеңейгендігін ескерер болсақ, жобалап оқыту әдісі білімгердің жан-жақты дамуы мен антропоцентристік идеяның негізі ретінде қарастыралады және білім беру үрдісінің барлық талаптарын толыққанды түрде орындайды. Яғни проблеманы шешу арқылы білімгер өз идеясының үлгісін жасап шығады. Қорытынды өнімді жасап шығу барысында білімгерлер ақпараттарды теориядан практикаға түрлендіре отырып, өзіне қажет ақпарат көзін жинақтайды. Тәжірибеге сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының жоғарғы сынып оқушыларымен орындалған оқу жобасындағы мұғалімнің қызметі мен оқыту жобасының әр кезеңдеріне толыққанды сипаттама берілген. Сондай-ақ, шет тілінің тілдік тұлғаны дамытудағы ықпалы жобалап оқыту әдісінің тәжірибесіне сүйене отырып анықталған және дәлел ретінде жоба жұмыстары қоса тіркелген. Жобалап оқыту әдістерін ұйымдастыру барысында қазақстандық және әлемдік тәжірибелер қолданылды.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/oiog3362
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0