Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 3,2025, с. 62-76
ТҮЙІСТІРІП ДӘНЕКЕРЛЕНГЕН ҚОСЫЛЫСТАРДЫ АЙНА-КӨЛЕҢКЕ ӘДІСІМЕН САПАСЫН БАҚЫЛАУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада әртүрлі диаметрлі және әртүрлі материалдардан жасалған шыбықтардың түйістіріп дәнекерленген қосылыстарының сапасын зерттеу және бақылау жүргізілді. Шетелдік ғалымдар жүргізген ғылыми зерттеулерге талдау жүргізілді, оның нәтижелері түйістіріп дәнекерлеу әдісі біртекті, сонымен қатар, әртекті металл материалдарын біріктіру үшін кеңінен қолданылатынын көрсетті. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, түйістіріп дәнекерлеу, атап айтқанда балқытып дәнекерлеу, түйіспелі дәнекерлеудің жалпы көлемінің 40 %-дан астамын құрайды. Өндірісте, атап айтқанда машина жасау және құрылыс кәсіпорындарында түйістіріп дәнекерлеуді пайдаланудың тиімділігі мен технологиялық мүмкіндігін арттыру қажеттілігі анықталды. Осы мақсатта А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы Халықаралық дәнекерлеу институтының зертханалық жағдайында түйістіріп дәнекерлеу тәсілімен әртүрлі материалдарды қосу бойынша бірқатар эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Түйістіріп дәнекерленген қосылыстың сапасын бақылау айна-көлеңкелі әдіспен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, балқыту арқылы түйіспелі дәнекерлеу кезінде қосылыстардың пайда болу кезеңдері, сонымен қатар, түйістіріп балқытып дәнекерлеу процесінің типтік циклограммасы қарастырылды. Түйістіріп дәнекерлеу арқылы алынған дәнекерленген қосылыстардың айна-көлеңке әдісімен бақылау нәтижелері тексерілген үлгілердің 95 %-дан астамында дәнекерленген жіктерде ақаулар жоқ екенін көрсетті. Кілтті сөздер: дәнекерленген жіктің сапасы, түйістіріп дәнекерлеу, айна-көлеңкелі әдіс, ақаулар, град, төменгі беті, әртекті материалдар.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ocgr8081
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0