Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 2,2025, с. 20-30

АРАЛАСТЫРҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН НЕГІЗДЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ

Д. Р. Абсолямова, А. Ж. Касенов, Г. Т. Итыбаева, М. Ж. Тусупбекова, К. Н. Жаксалыков

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қатты ұнтақ тәрізді белсенді заттың сулы ортада біркелкі таралуына арналған үш қалақшалы араластырғыш негізінде араластырғыш құрылғының параметрлерін есептеу және негіздеу келтірілген. Оңтайлы параметрлерді таңдау үшін диаметрі 1000 мм және биіктігі 1270 мм болатын аппарат үшін РД 26-01-90-85 сәйкес араластырғыштың геометриясын есептеу жүргізілді, бұл араластырғыш құрылғының 1 м3 сыйымдылығына сәйкес келеді. Араластырғыштың диаметрі dм=700 мм, араластырғыш қалақшаларының ені h=140 мм, ал втулка диаметрі dвт=120 мм болды. Араластырғыш қалақшаларының көлбеу бұрышы 45 градус. Есептеу деректері қатты күйдегі модельді КОМПАС бағдарламасында құру үшін пайдаланды. Жетек қуаты 3,2 кВт және айналу жиілігі 75 айн/мин. Араластырғыш моделі сұйықтық ағындарының сипатына негізделген араластырғыш моделінің өнімділік сипаттамаларын визуализациялау, талдау және анықтау үшін соңғы элементтер (СЭ) әдісі бойынша жұмыс атқаратын Ansys Student (CDF) бағдарламасына жүктелген. Сонғы элементтер көмегімен ұсынылған модельдеу әдісі араластырудың тиімділігін, ағынның жылдамдығын және араластырғыш құрылғының көлеміндегі турбуленттік деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.Әрі қарай 3,2-ден 15 кВт дейін әртүрлі қуаттылықтағы сұйықтық ағындарындағы қатты бөлшектердің әрекетін және айналу жылдамдығы 95-тен 750 айн/мин дейін ағындардағы бөлшектердің әрекетін зерттеу жоспарлануда. Кілтті сөздер: араластырғыш құрылғы, аппарат, араластырғыш, суспензия, қалақша.

Сведения · Details