Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2023, № 4,2023, с. 145-160
Көмір өндіру кәсіпорындардың қоршаған ортаға эмиссияларды төлеу жөніндегі міндеттемелерін экологиялық есептіліктегіндегі ережелері мен әдістемесінің ерекшеліктері
Аннотация · Abstract
Қазіргі таңда экологиялық міндеттемелерді есепке алу қоршаған ортаға эмиссиялық төлем мәселесі, өкінішке орай, әлдеқайда күрделі. Осы орайда сауалнамаға алынған көмір өндіру кәсіпорындардың көпшілігі экологиялық міндеттемелердің және де қоршаған ортаға эмиссиялық төлмнің бар екенін растады, бірақ бұл міндеттемелерді қаржылық шоттарда қалай есепке алу керектігін нақты көрсете алмады. Бұл мәселедегі ең қиын нәрсе - міндеттемелердің мөлшерін «ақылға қонымды бағалау». Жағдайды түзету бойынша заңды міндеттеме болған кезде болашақ міндеттемелер әдетте міндеттемелер ретінде қарастырылады. Заң шығару процесіне, технологиялық прогресске және талап етілетін қоршаған ортаны қалпына келтіру шараларының көлеміне немесе сипатына тән белгісіздіктерге байланысты ұзақ мерзімді есептелген міндеттемелерді анықтау қиынға соғады. Экологиялық есепте міндеттемелер мен қоршаған ортаға эмиссияларды төлеуді енгізудің қиындығы осы мәселе бойынша әдістемелік әзірлемелердің жоқтығында және табиғи ортаның құрамдас бөліктерінің өзгерістерінің күйі мен динамикасын ескеретін бірқатар көрсеткіштерді анықтаудың қиындығында болып отыр. Қоршаған ортаны тұтынудың нормативтiк көрсеткiштерiн әзiрлеу, қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеуге арналған экологиялық шығындардың мөлшерiн және басқа да экологиялық нормативтердi айқындау қажеттілігін бағалайтыны қарастырылды.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nztz6195
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0