Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 76-87

БОЛАШАҚ ХОРЕОГРАФТАРДЫҢ КӘСІБИ ҰТҚЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МОДЕЛІ

Д. К. Азизханова, Н. Ш. Алметов

Аннотация · Abstract

"Мақала жоғары оқу орнында болашақ хореограф мамандарды кәсіби даярлауда кәсіби ұтқырлықты қалыптастыру мәселесіне арналған. «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студенттердің кәсіби ұтқырлығын қалыптастырудың маңызы айқындалған. Ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде кәсіби ұтқырлықты қалыптастырудың жалпы педагогикалық шарттары мен міндеттері нақтыланған. Болашақ хореографтардың кәсіби ұтқырлығын қалыптастыруда педагогикалық модельдеудің оны біртұтас жүйе ретінде сипаттауға және мақсатты үдеріс ретінде жүзеге асыруға мүмкіндік беруі туралы идея ұсынылған. Зерттеу барысында жасалынған модель функционалдық-құрылымдық сипатқа ие. Кәсіби ұтқырлықты қалыптастыру міндеттеріне бағдарланған хореографиялық білім беру үдерісін талдау оның мынандай құрамдастарын (компоненттерін) ажыратуға мүмкіндік берген: мақсат, қалыптастыру принциптері, дамуына әсер ететін факторлар, функциялары (қызметтері), міндеттері, ұйымдастыру тиімділігінің психологиялық педагогикалық шарттары, мазмұны, технологиялары, күтілетін нәтижелері. Жасалынған модель осы компоненттерді бейнелейді. Мақалада болашақ хореографтардың кәсіби ұтқырлығын қалыптастырудың мақсаты тұжырымдалып, оның мынандай негізгі функциялары анықталған: мотивациялық, когнитивтік, адаптивтік, жылдамдық пен креативтілікті белсендіру, ұтқырлық сапаларын тәрбиелеу, ұдайы кәсіби өсуге, өзіндік білім алуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру, кәсіби іс-әрекет түрлерін меңгерудегі динамизм мен икемділік, болашақ хореографтың икемді дағдыларын қалыптастыру. Болашақ хореографтың кәсіби ұтқырлығын қалыптастырудың міндеттерін анықталып, нақтыланған. "

Сведения · Details