Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 360-372
ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ РОМАН ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ТҰЛҒА КОНЦЕПЦИЯСЫ
Аннотация · Abstract
Тәуелсіздік кезеңде ғұмырнамалық романдар кеңінен жазыла бастады. Оның басты себебі қызыл цензураның жойылып, шығармашылық еркіндікке жол ашылды. Қ. Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» атты мемуарлық романы – оқырман сұранысына ие болған, қазақ мемуаристикасын жаңа белеске көтерген сондай туындылардың бірі. Мемуаристика тарихы мен классификациясы, жанрлық жүйеленуінің теориялық мәселелері, тілдік-стильдік ерекшелігі, «шекаралық» жанрларға (эсселер, өмірбаяндар, естеліктер, күнделіктер) қатыстылығы мен трансформациялануы, терминологиясы мен талдау әдістері әдебиеттану ғылымында біршама зерттелді. Мақалада ғұмырнамалық романның табиғаты мен образдардың жасалуы ерекшелігі, тұлға концепциясы арнайы қарастырылды. Романдағы басты тұлға – автор. Ол – жай баяндаушы емес, бүкіл шығарманың құрылымын түзуші, оқиғадан оқиға өрбітуші суреткер-жазушы, шығармашылық иесі. Ғұмырнамалық туындыда автор өмірінің екі ірі кезеңі көрініс берген. Біріншісі – Қытайдағы қазақтың тұрмыс-тіршілігі болса, екіншісі – елге оралғаннан кейінгі жазушылықпен белсенді араласқан уақыты. Екі негізгі желі – автордың бүкіл өмірін, күрес жолын, мақсат-мұратын қамтыған. Қытай жеріндегі қазақ жұртының тұрмыс-тіршілігін, басына түскен ауырпалығын боямасыз бейнелеп, бүгінгі ұрпаққа аманаттау – басты авторлық концепцияға айналған. Туындының екінші маңызды сипаты – автордың шығармашылық лабораториясының, өзі өмір кешкен жазушылық ортасының суреттелуі. Шығармашылық жолындағы жанкешті еңбегі, қайсарлығы оқырманды бейтарап қалдырмайды.Тұлға концепциясы – қарапайым да қайсар мінезді, адал жүректі ұлттық болмыс мадақталады. Мақалада биографиялық, тарихи-әлеуметтік, құрылымдық-сипаттамалық, герменевтикалық, психоаналитикалық әдіс-тәсілдер қолданылды. Кілтті сөздер: Ғұмырнамалық туынды, автор бейнесі, уақыт шындығы, авторлық көзқарас, стиль.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nyiv6474
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0