Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 3.2022, с. 369-381

Б. СИМОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРГЕ БАУЛУ

Л. М. Умралиева, М. Ж. Тәңірбергенов, Ә. Қ. Сабырова, С. А. Фейзулдаева, Р. Х. Кошкимбаева

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып келген, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға мұра болған, көшпенді елімізді әлемге ұлттық ерекшелімен танытқан өнер – қол өнері қарастырылған. Ұлттық дәстүрлі өнер болашақ педагогтарға маман ретінде жоғары кəсіби бағыттылыққа, жоғары деңгейдегі рухани жəне этнопедагогикалық мəдениеттілікке, қолданбалы өнердің халықтың өміріндегі ролі туралы түсініктерді қалыптастыру. Ата-бабаларымыздың, әжелеріміздің қалдырған мұрасын жеткізуші шебері Бибіажар Симованың жүнді көркем өңдеу шығармашылығының бірқатар дәстүрлі қырлары ашып көрсетілген. Жүннен картина жасау шығармашылығы бойынша екі жақтама жүн, жүнді өңдеп тоқу фактурасын композиция үшін пайдалану әдістері ашып көрсетілген. Картина бетіндегі бейнелерді шынайы өмірдегі көрініс бейне формасына ұқсастырып композиция құрау жолдары қарастырылған. Жүннің ұзындығына, толқынды бағыттарына, түстерінің сипатына қарай, композиция құрамдау жолдары анықталған. Тері бетіндегі туылғаннан жаратылған табиғи бейне пішіндері көріністерінің өмірдегі форма көріністерімен ұқсастықтарын ұтымды пайдаланып туынды идеясын ашқан. Теріден жасалған паннолардың көркемдік ерекшеліктеріне концептуалдық, нарратологиялық талдаулар жасалған. Бұл іс-әрекеттер суретші-шебер шығармашылығының жоғары деңгейін көрсететін өлшем – заманауи технологиялық жаңашылдық пен ұлттық мәдениет құндылықтары арқылы рухани жаңғыру идеясының бірлігін көрсетеді. "

Сведения · Details