Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2022, № 2, 2022, с. 56-68

XV-XVI ғасырлардағы ислам әлемінің саяси және діни, ғылыми жағдайы

А. Жамашев, М. Әбділлә

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада Мулла Али әл-Қаридің өмір сүрген кезеңіндегі ислам әлемінің саяси және ғылыми жағдайы қарастырылады. Мулла Али әл-Қари қазіргі Ауғаныстан аумағында дүние келгендіктен, Ауғаныстанның саяси жағдайына тоқталып өтеміз. Иран жерінде жаңадан құрылған Сафауи мемлекетінің сол ғасырдағы саяси жағдайын, Осман, Өзбек, Моғол мемлекеттерімен қарым-қатынасын баяндап, ел биелеген басшыларын атап өтеміз. Темір ұрпағы Бабыр құрған Моғол мемлекетінің құрылу тарихын бағамдап, көрші елдермен арақатынасы келтіріледі. Мұхаммед әш-Шайбани негізін қалаған Өзбек хандығының Моғол және Сафауи мемлекеттерімен саяси шиеленісі баяндалып, Ауғаныстан аймағына саяси ықпалы айтылады. Осман мемлкетінің қол астына өткен Мекке қаласының саяси ахуалы, Осман сұлтандарының Мекке мен Мадина қалаларына жасаған қайырымдылықтары, Мекке қаласында ашылған білім ордалары баяндалады. Мекке қаласының ғылыми дамуына үлес қосқан білім алқалары, пәтуә берумен айналысқан ғалымдар, Мулла Али әл-Қаримен замандас шафиғи, мәлики және ханбали мәзһабын ұстанған ғалымдардың есімдері аталады. Сонымен қатар, Мулла Али әл-Қаримен үзеңгілес Тақиюддин әт-Тамими әл-Ғази, Ибн Нужайм, Али ибн Мұхаммед ибн Али, Мұхаммед ибн Мустафа әл-Уәни секілді ханафи мәзһабының белді ғұламаларының өмірлеріне қысқаша тоқталып өтеміз.

Сведения · Details