Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 149-157
МЕДИЦИНАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУҒА ҚАЖЕТТІ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР
Аннотация · Abstract
"Мақалада медицина мен денсаулық саласындағы ақпараттық мәтіндерді аудару үшін тәржімешілерге қажетті жалпы құзіреттіліктер және сонымен қатар кәсіби құзіреттіліктер мен базалық дағдылар мәселесі қарастырылады. Медициналық мәтіндер аудармасы – бұл бір тілден екінші бір тілге арнайы медициналық ғылыми әдебиеттермен қоса, адамның денсаулығына қатысты жеке ақпараттардан тұратын материалдардың да тәржімесін беру. Аударманың ауызша немесе жазбаша түрін жасау үшін аудармашыларға қажетті жалпы құзіреттіліктер мен дағдылардан бөлек, лингвомәдениет, тілдік когнитивтілік құзіреттілік, медицина саласындағы аударамышының этикет протоколы, ауызша және жазбаша аударманың түрлі техникаларын қолдануы, нақтылық және толыққанды жұмыс нәтижесін көресетуі, науқас-аудармашы-дәрігер/дәрігер-аудармашы-науқас түріндегі мәдениетаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті сияқты базалық дағдылары да қалыптасуы тиіс. Сонымен бірге аудармашы медициналық терминдерді аударуда әртүрлі трансформациялық әдісті қолдану кезінде мақалада қаралған түпнұсқа тілдегі терминдердің аударма тілдегі сәйкестілігін берудің 3 негізгі қағидасын жадында ұстағаны абзал. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nsmj9800
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0