Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2024, № 2.2024, с. 36-46

МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ӘЗІРЛЕУ КЕЗІНДЕ PYTHON МҮМКІНДІКТЕРІ

А. А. Куватов, Б. Н. Куватова

Аннотация · Abstract

Қазіргі заманда әрбір әзірлеуші Python тілінде мобильді немесе веб-қосымшада жұмыс істеу қажеттілігіне тап болуы мүмкін. Python тілінде мобильді құрылғыларға арналған кіріктірілген құралдар жоқ, дегенмен мобильді қосымшаларды құруға болатын пакеттер бар. Python бағдарламалау тілі бағдарламалау тілдерінің арасында бірінші орынды алады. Оның бірден-бір себебі – әлемдік деңгейдегі қосымшаларды құруға арналған керемет кітапханалық қолдаудың болуы. Осындай кітапханалардың бірі – Python-дағы Kivy, ол кросс-платформалық кітапхана болып табылады және көп сенсорлы қосымшаларды жасау үшін қолданылады. Бұл мақаланың басты мақсаты – Python кросс-платформалық тілде мобильді қосымшаны құру мүмкіндігін көрсету. Өйткені Python әдетте дерекқорлармен жұмыс істейді. Сол себепті тілдің жалпы кітапханалары арқылы мобильді қосымшаны құру мүмкіндігі көрсетілген. Мақалада кросс-платформалық қосымшалар сияқты мобильді қосымшаны әзірлеу кезінде Python мүмкіндігінің нұсқалары қарастырылады. Python тілін әзірлеу ортасының теориялық жағы да сипатталады. Мақалада Python бағдарламалау тіліне шолу жасалады және де Kivy фреймворктың артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылады. Python тілінің мобильді қосымша әзірлеу мүмкіндігіне 112 корреспонденттердің сауалнамасы, Python тіліне SWOT талдау нәтижелері мен салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша талданады. Kivy фреймворкін қолдана отырып, Python бағдарламалау тілінде кросс-платформаны әзірлеу мүмкіндігі қарастырылады. Кілтті сөздер: қосымшаларды әзірлеу, Kivy фреймворк, кросс-платформалық қосымша, Python тілі, операциялық жүйелер.

Сведения · Details