Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 4, 2025, с. 338-345

ЖОҒАРЫ ХРОМДЫ ШОЙЫНДАРДА ӘРТҮРЛІ САЛҚЫНДАУ ЖЫЛДАМДЫҚТАРЫНДА КАРБИДТІК ФАЗАНЫҢ ТҮЗІЛУІ

М. А. Тулепова, Св. С. Квон, К. Ю. Окишев

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада жоғары хромды ЧХ16 маркалы шойынның әртүрлі салқындау жылдамдықтары жағдайында кристалдану кезіндегі құрылымдық ерекшеліктері мен пайдалану қасиеттеріне әсері жан-жақты зерттелді. Қорытпа құрамына легірлеуші қоспалар ретінде шамамен 1,5 % масс. ниобий, сондай-ақ ванадий мен титан әрқайсысы 0,7 % масс енгізілді. Металл үш түрлі қалыпқа - металл, қабықша және құм-балшықты қалыптарына құйылды, бұл кристалдану кезінде кезінде әртүрлі салқындау жылдамдықтарын қамтамасыз етті. Микроқұрылымдық талдау нәтижелері салқындау жылдамдығы төмендеген сайын Me1₋ₓC типті күрделі карбидтердің айқын таралуымен түзілуі артатынын көрсетті. Құм-балшық қалыптағы үлгіде карбидтік фаза жоғары көлемдік үлеске ие болып, қаттылық пен тозуға төзімділікті едәуір арттырды. Қаттылық тек 17 % артқанымен, тозуға төзімділік 30 % - дан астамға жоғарылады. Мұндай әсер құрылымда салыстырмалы түрде жұмсақ қатты фазалардың біркелкі таралуымен түсіндіріледі. Керісінше, металл қалыпта жылдам салқындау барысында карбидтер түзілуге үлгермей, құрылымда олар шектеулі күйде қалады. Бұл құбылыс қорытпаның механикалық қасиеттеріне теріс әсер етеді. Зерттеу қорытындысы бойынша, карбид элементтердің тиімді әрекет етуі үшін салқындау жылдамдығы тепе-теңдік жағдайына жақын болуы қажет. Мұндай жағдайда күрделі карбидтік фазалар оңай қалыптасып, шойынның жұмысқа төзімділігін арттырады. Бұл нәтижелер өндірістік шойындарды жетілдіруде, құю технологиясын оңтайландыруда және жаңа тозуға төзімді материалдарды жобалауда практикалық маңызы бар. Кілтті сөздер: жоғары хромды шойын, карбидтік фаза, қорытпа құрылымы, салқындау жылдамдығы, материал қаттылығы, тозуға төзімділік, легірлеуші элементтер, микроқұрылымдық талдау.

Сведения · Details