Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 1.2025, с. 221-232
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕЙЛІКТІ АЗАЙТУҒА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘСЕРІ
Аннотация · Abstract
Қазіргі таңда кедейлік проблемасы еліміздің ең өткір, шешімін әлі таппаған мәселесінің біріне айналуда, соңғы жылдардағы геосаяси көші-қон, табиғи апаттар, табыс теңсіздігінің алшақтығы салдарынан сұрақ одан сайын ушығуда. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы кедейлікті төмендетуге кәсіпкерлік белсенділік пен кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыруларының әсерін талдау. Кедейлікті азайтудағы кәсіпкерліктің рөлін зерттеу бүкіл әлемдегі ғалымдар мен саясаткерлердің қызығушылығының негізгі көзі болды. Өйткені кәсіпкерлік елде жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын көбейту, өндіріс тиімділігін арттыру жаңа инновацияларды енгізу және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге көмектеседі. Соның нәтижесінде елдегі кедейлер санының азаюына септігін тигізеді. Бұл зерттеуде кедейшілік көрсеткіші (Адам даму индексі) мен кәсіпкерлікті дамытуды ынталандырулар арасындағы байланысқа кеңінен талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы кәсіпкерліктің кедейлікті азайтуға оң және айтарлықтай әсер ететінін дәлелдеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру түрлері кедейлікті азайту бойынша кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі мен мүмкіндіктерін арттырады. Бұл зерттеу тақырып бойынша әдебиеттердегі олқылықтың орнын толтыруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасы үшін экономикалық және әлеуметтік дамудың үлгісі болып табылады. Бұл зерттеу кәсіпкерлік қызмет кедейлікті жоюға және адамның дамуы мен адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға әсер етеді деген пікірді қолдайды. Кілтті сөздер: кәсіпкерлік, кедейлік, адам даму индексі, сыбайлас жемқорлық, урбанизация, сауда.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/npnd9907
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0