Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 204-216
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА МҰҒАЛІМНІҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ФОРМАЛАРЫ
Аннотация · Abstract
"Мақала мектептегі инклюзивті білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда мұғалімнің ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастығының тиімді формаларын анықтауға арналған. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда мұғалімнің мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен өзара пайдалы әрекеттестігі мәселесіне арналған еңбектерге талдау жасалынып, оның мәні, маңызы және психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері айқындалған. Инклюзивті білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда мұғалімнің ата-аналармен ынтымақтастығының шынайы педагогикалық іс-тәжірибедегі хал-күйіне талдау жасалынған. Мектеп мұғалімдерінің инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастық бағытындағы құзыреттіліктерінің деңгейі, сондай-ақ, ата-аналардың отбасында мүмкіндігі шектеуі балаға педагогикалық қолдау көрсетуге қажетті тәжірибелік сипаттағы психологиялық-педагогикалық білімдері мен икемділіктерінің жеткіліксіздігі туралы тұжырым жасалынған. Сынып деңгейінде инклюзивті білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастық хал-күйін анықтау мақсатында өткізілген диагностикалық процедуралар және олардың нәтижелері келтірілген. Инклюзивті білімді дамытудағы мұғалім мен ата-аналар ынтымақтастығын ұйымдастырудың формалары айқындалған. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда мұғалімнің ата-аналармен ынтымақтастығын нығайтудың жаңа мүмкінідіктері анықталған. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nnsg4499
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0