Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 390-404
ҚАЗІРГІ АЙТЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілерінің бірі – ақындар айтысы туралы айтылады. Басты назарға тәуелсіздік алғаннан кейінгі ақындардың айтысы алынған. Атап айтсақ, Ринат Зайытов, Әбілқайыр Сыздықов, Аманжол Әлтаев, Жібек Болтанова, Айнұр Тұрсынбаева айтыстары қарастырылады және зерттеу еңбектеріне шолу жасалады. Ерекшеліктері, айырмашылығы мен ұқсастықтары жан-жақты талданады. Қазіргі айтыстар қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, тәуелсіздік, тіл, жер мәселелерінің батыл көрсетілуімен ерекшеленеді. Айтыс өнері күні бүгінге дейін дамып келе жатқан синкретті жанр. Өйткені айтыс көпшіліктің назарына ұсынылатын, көрсетілетін өнер түрі. Бұрынғы кезде айтыс ақпарат құралдарының көзіне айналса, қазіргі уақытта айтыста елдегі, әлемдегі мәселелерді көтеруші, халыққа жеткізуші құрал. Тәуелсіз кезеңдегі айтыстарда экология, жер мәселесі, жұмыссыздық, жемқорлық, дін, тіл тақырыптары айтылса, қазіргі кезде қымбатшылық, дін мәселесі, тіл мәртебесі сияқты ірі тақырыптар көтерілуде. Бұдан басқа да тақырыптарды айтыскер ақындардың айтыстарынан байқауға болады. Айтыс қоғамда болып жатқан жаңалықтарды да сынап, кемшіліктерді де көрсетіп, атадан балаға мирас болып келе жатқан мән-маңызы бар жоғары жанр. Кілтті сөздер: айтыс, ақын, тіл, дін, қазақ халқы, ұлттық өнер, халық тағдыры, синкретті жанр, импровизация, әлеуметтік өмір.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nnrd1489
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0