Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 272-285
ҚАЗАҚ-ТҮРІК ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСЫ: ГЕНЕТИКАЛЫҚ, ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК САБАҚТАСТЫҒЫ
Аннотация · Abstract
Қазақ және түрік әдеби байланысы – түркі халықтары арасындағы рухани үндестіктің маңызды көрінісі. Ортақ әдеби мұраларды жаңаша пайымдау мен насихаттау екі халықтың мәдени жадысын жаңғыртуға себепкер болады. Бұл әдеби ықпалдастық түркі халықтарының көркем мұрасын жан-жақты саралап, ортақ рухани кеңістіктің кеңеюіне ықпал етеді. Мақалада қазақ пен түрік әдебиеттерінің тарихи өзара байланысы, әдеби бағыттарындағы (реализм, модернизм, т.б.) ұқсастықтары, қаламгерлер шығармашылығындағы үндестіктер мен қазіргі заманғы әдеби ынтымақтастықтар талданады. Зерттеуде тарихи-салыстырмалы және типологиялық талдау әдістері қолданылып, екі халықтың әдеби дамуы барысындағы ортақ сарындар анықталады. Әсіресе ХХ ғасырдағы модернистік бағыттағы шығармаларда екі ел авторларының дәстүрлі формадан алыстап, кейіпкерлердің ішкі әлемін терең бейнелеудегі ортақ ұстанымдары байқалады. Сондай-ақ кеңестік кезеңдегі әдеби байланыстар (аудармалар, антологиялар) мен тәуелсіздік кезеңіндегі аударма, баспа ісі және ортақ мәдени жобалар арқылы жүзеге асып жатқан қазіргі әдеби ықпалдастықтар сипатталады. Зерттеу нәтижесінде қазақ-түрік әдеби байланысының үздіксіз дамып, өзара байытылып отырғаны көрсетіледі. Аталған бағыттағы зерттеулер түркітілдес елдер арасындағы әдеби, мәдени және тарихи байланыстарды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: қазақ әдебиеті, түрік әдебиеті, әдеби байланыс, тақырыптық ұқсастықтар, аударма, әдеби ықпалдастық.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nnjv2769
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0