Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 1.2021, с. 221-228
"Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АНАЛАР ПОРТРЕТІ"
Аннотация · Abstract
"Бұл мақалада Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы аналар бейнесі толық ашылған. Ғабит Мүсірепов өз туындыларының басым бөлігін аналар тақырыбына арнаған, сондықтан да жазушы шығармаларында аналар портреті кеңінен танылады. Академик З. Ахметов жазушы шығармаларындағы кейіпкерлер туралы былай деген: «Ғ. Мүсірепов мүсіндеген әрбір кейіпкердің бейнесінен біз тұтас бір өмір шындығын көргендей күй кешеміз. Оның кейіпкерлері – негізінен, еңбек адамдары... ардақты ана бейнесі де Ғабең шығармаларынан орын алған». Ана тақырыбын кемеліне келтіріп, орыстың ұлы жазушысы А. М. Горкийдің дәстүрін қазақ әдебиетінде жалғастырып, шеберлікпен сомдаған. Ол М. Горькийден «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды» деген шығармаларын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» атты әңгімелерін жазады. Қазақ әйелінің отбасының ұйтқысы, ошағының жылуы, үйінің сәнін кіргізіп, ұрпақ жалғаушы нәзік жандар екенін шығармаларында дәлелдейді. Ұлпан, Ақлима, Назыкеш сияқты тұлғалар арқылы жазушы аналар, арулар өмірін суреттеді. Мысалы: Ұлпан бейнесі – күшті, ақылды, қалың қауымның қамын көздеген ел қорғаны, ел анасы. Оның дүйім жұртты өз аузына қаратып, бағындыра білуі, ақылдылығын айшықтай түседі. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nmyw6079
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0