Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 161-172
ХОТОН ТІЛІНДЕГІ ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ҚҰРАМЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада түркі тіліне жататын хотон тіліндегі дауысты дыбыстардың құрамы сөз болады. Хотон тілі жойылып кеткен тілдер қатарын құрайды. Хотон тіліне қатысты зерттеушілердің тұжырымдарын талдай отырып, оның қазіргі түркі тілдерімен, оның ішінде қазақ, қырғыз тілдерімен байланысын саралайды. Талдау барысында түркі халықтарына тән элементтердің сақталуы байқалады. Зерттеу нысаны ретінде хотон тіліндегі дауысты дыбыстар саны, сапасы, құрамы алынды. Жұмыстың мақсаты түркі тілдер тобына жататын жойылып кеткен хотон тілінің дыбыстық жүйесіне талдау жасау болып табылады. Кез келген тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін айқындау үшін, ең алдымен, сол тілдің дыбыстық құрамын, олардың пайда болу, өзгеру сырларын білу қажет. Дыбыстық өзгерістерді зерделеу барысында ғана, тілдің ішкі заңдылықтарын, туыстық байланыстарын анықтай аламыз. Сондықтан хотон тілінің ерекшелігін айқындауда дыбыстардың құрамын, түрлерін, жасалуын айқындау маңызды. Зерттеу барысында хотон тілінің дыбыстық жүйесінің қазіргі қазақ, қырғыз тілдерімен жақындықтары айқындалды. Хотон тіліндегі жалаң дауыстылар мен созылыңқы дауыстылардың ерекшеліктері анықталды. Қазақ тіліндегі, қырғыз тіліндегі материалдарға сүйене отырып, хотон тілінің айырмашылығы, ерекшелігі, дыбыстық сәйкестіктер сараланды. Хотон тіліндегі созылма дауыстылардың сөз ішінде қолданылу сипаты, пайда болу жолдары нақты тілдік деректер негізінде талданды. Хотон тіліндегі дауысты дыбыстардың тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай жасалу жолдарына сипаттама берілді. Кілтті сөздер: түркі тіл, хотон тілі, қазақ тілі, қырғыз тілі, дауысты дыбыстар, созылыңқы дауыстылар, қысқа дауыстылар.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nlpc5451
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0