Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 4, 2025, с. 351-361

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ДРАЙВЕРЛЕРІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ МЕН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АЛЫПТАРДЫҢ РӨЛІ»

Л. К. Магзумова, Ж. М. Бұлақбай, М. К. Мақыш, Б. М.Баядилова, Г.Т. Самиева

Аннотация · Abstract

Бұл мақала Қазақстандағы жасыл қаржыландырудың негізгі драйверлерін айқындауға бағытталған. Зерттеудің мақсаты – халықаралық қаржы ұйымдары мен ірі энергетикалық компаниялардың елдегі жасыл қаржы нарығын дамытудағы рөлін анықтау. Мақалада Қазақстанның экологиялық тұрақтылық пен көміртегі бейтараптығына көшу стратегиясы контексінде жасыл облигациялар мен кредиттердің қазіргі жағдайы мен құрылымы талданады. Зерттеу нысаны ретінде 2015–2024 жылдар аралығындағы ұлттық және халықаралық инвестициялық жобалар алынды. Әдіснамалық негіз ретінде салыстырмалы, жүйелік және эконометриялық талдау әдістері қолданылды. Ресми статистика мен халықаралық ұйымдардың деректері негізінде жасыл қаржы нарығындағы эмитенттердің құрылымы көрсетілді: энергетикалық компаниялардың үлесі – 48,7 %, халықаралық қаржы ұйымдарының үлесі – 40 %. Бұл жасыл қаржыландырудың негізгі көздерінің сыртқы инвестициялар мен ірі ұлттық корпорациялар екендігін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жасыл қаржы құралдарының өсуіне қарамастан, нарық құрылымы жоғары шоғырланған, ал шағын қаржы институттарының үлесі төмен деңгейде қалып отыр. Мақалада жасыл қаржыландырудың институционалдық дамуы, оның тұрақты экономикаға ықпалы және жүйелік кедергілер талданған. Автор Қазақстанда жасыл облигациялар мен кредиттерді ынталандыру үшін нормативтік базаны жетілдіру, эмитенттер санын арттыру және ESG стандарттарын енгізудің маңызын атап өтеді. Кілтті сөздер: жасыл қаржыландыру, халықаралық қаржы ұйымдары, энергетикалық компаниялар, тұрақты даму, көміртегі бейтараптығы, жасыл облигациялар, инвестициялық саясат

Сведения · Details