Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 4.2025, с. 393-407
КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІҢ РӨЛІ
Аннотация · Abstract
Кәсіби бағытталған шетел тілін оқытуда тиімді әдіснамалық тәсілдерді таңдау – қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындаудың маңызды компонентіне айналды. Дегенмен, сандық технологиялардың қарқынды дамуымен шетел тілін салаға бағыттап оқытуда кейбір әдіснамалық тәсілдер өзектілігін жоғалтып отыр. Әдіснамалық тәсілдің дұрыс таңдалуы пәнді оқытуда аса маңызды болғандықтан, сандық технологияларға негізделген тәсілдер кәсіби бағытталған шетел тілін оқытуда негізгі тәсілдердің бірі болуы қажет. Осы болжамға сүйене отырып, бұл зерттеу әдіснамалық тәсілдерді сандық технологияларға негіздеу мүмкіндігін сапалы зерттеу үшін жасалды. Мақалада еліміздегі әртүрлі жоғарғы оқу орындарында Кәсіби бағытталған шетел тілі пәні бойынша сабақ беретін оқытушылар мен тілдік емес мамандықтарда оқитын 1–4 курс студенттері және магистранттарының Кәсіби бағытталған шетел тілін оқытуда қолданылып жүрген әдіснамалық тәсілдер, олардың тиімділігіне, сонымен қатар аталған пәнді оқыту барысында сандық технологияларды қолдануға жеке көзқарасын зерттеу мақсатында жүргізілген сауалнама ұсынылған. Деректер ашық сауалнама, Google Forms-тегі онлайн сауалнама арқылы жиналды; модельдер мен тақырыптар деректерді талдау негізінде жинақталды және құрылды. Нәтижелер оқытушылар мен студенттер кәсіби бағытталған шетел тілі сабақтарында қолданылатын әдіснамалық тәсілдердің әлі де жетілдірілу керектігін, сандық технологияны көп қолданылу қажеттігін, сонымен қатар пәннің толықтай салаға байланысты оқытылу керектігін көрсетті. Сонымен қатар, осы зерттеудің нәтижелері қосымша зерттеулер үшін нұсқаулық ретінде пайдаланылуы мүмкін. Кілтті сөздер: әдіснама, тәсіл, кәсіби лексика, коммуникативтік тәсіл, контекстік тәсіл, сандық технология
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nkrs3079
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0