Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 37-46
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҮШТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация · Abstract
"Бұл мақалада қазіргі таңда қоғам алдында жаһандану үдерісінде бәсекеге қабілетті көптілдік құзыреттілігі жетілген маман даярлау мәселесі жайында айтылған. Орта мектептерде көптілділікті қалыптастыру үшін сол жерде білім беретін мамандардың кәсіби дайындығы маңызды екендігі сөзсіз. Осы тұрғыда қазіргі таңдағы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті педагог мамандардың көптілділік құзыреттілігін дамыту, қоғам қажеттілігіне сай кәсіби тұлғаны дайындау еліміздің білім беру жүйесіндегі шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі айтылғын. Биологиялық білім беру мәселелерімен айналысқан ғалымдардың еңбектеріне жасалған кейбір талдаулар жайында ақпарттар көрсетілген. Көп мәдениетті және көпұлтты ортада белсенді және еркін өмір сүруге қабілеті мол, өзге мәдениеттерді түсініп құрметпен қарайтын, толерантты өмір сүруге дағдыланған, құзыретті маман иесін тәрбиелеу мақсатында көптілді білім беру өте маңызды мәселелердің бірі көрсетілген. Заманауи технологиялардың қарыштап дамыған қоғамында көптілділік кеңінен таралған феномен болып табылады. Ғаламдағы халық санының айтарлықтай бөлігі күнделікті өмірде тарихи, қоғамдық немесе экономикалық жағдайларға байланысты екі немесе бірнеше тілдерде сөйлейді. Көптілді білім беру-көпмәдениетті индивидті қалыптастырудың нақты қадамы. Аудармасыз оқыту көптілдікті қалыптастырудың содан кейінгі сатысы. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nkbf8791
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0