Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 1.2025, с. 340-349

ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ

К. С. Касымжанова, А. М. Шарипова, А. Б. Увалиева, О. Ш. Оразов, И. Қ. Cаукенова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада дамыған елдердің көпшілігінде тиісті ұйымдар мен мекемелер жол көлік оқиғаларына талдау жасайтыны және оларды тудырған себептерді анықтайтыны, сонымен қатар әр елдің әртүрлі аймақтарында ЖАЖО жүйесінің жұмыс істеу қабілеті жол, қоршаған орта және басқа шарттармен ерекшеленетіні, бірақ бәрінің белгілі жалпы заңдылықтары бар екені жайында айтылады. Жүргізушілер келіп түскен ақпаратты талдау негізінде қозғалыс режимін таңдайды. Қозғалыс процесінде оның көлемі кең ауқымда өзгереді. Жүргізуші жұмысының сенімділігі мен оның жұмысқа қабілеттілігі, егер оған түсетін ақпарат көлемі оңтайлы шектерде болса ғана, қажетті деңгейде сақталуы мүмкін. Жүргізушінің «жүргізуші – автомобиль – жол – орта» жүйесінің операторы ретіндегі жұмысының сенімділігін арттыру қозғалыс қауіпсіздігін арттыру саласында басым болып табылады. Жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін негізгі факторлар: шаршау, ұйқының жетіспеушілігі, стресстік жағдайлар, сондай-ақ ұзақ уақыт көлік жүргізу. Зерттеу барысында жүргізушінің жұмыс қабілетін қалпына келтіруге көмектесетін шаралар (демалыс режимін дұрыс ұйымдастыру, үзілістер, физикалық жаттығулар) қарастырылды. Сонымен қатар, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар да зерделенді: жол белгілері мен таңбалау, жылдамдықты шектеу, қауіпті аймақтарды бақылау. Зерттеу жүргізушілерге арналған қауіпсіздік шараларын жетілдіруге және олардың денсаулығын сақтауға бағытталған ұсыныстарды қамтиды. Бұл жүргізушінің жұмыс қабілеттілігін арттыру арқылы апаттық жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді. Кілтті сөздер: жүргізуші, автомобиль, психофизиология, жол жүру ережелері, жол оқиғалары, адами фактор.

Сведения · Details