Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 83-94

МАТЕМАТИКАНЫ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Амангуль Базарбековна Кoкaжaeва, Айжан Бекбергеновна Жексембинова, Еркежан Аскатовна Мухаметказыева

Аннотация · Abstract

"Мақалада математика сабақтарында әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық білімдерді интеграциялап оқытудың мақсаты мен өзектілігі баяндалған. Орта мектептің математика курстарында кез-келген пән негізінде мәтінмен берілген есептерді қолданудың тиімділігі мен әдіс-тәсілдері туралы қарастырылған. Математиканы оқытудың қолданбалы және практикалық бағытына қол жеткізудің маңызды құралы – оқушылардың күнделікті іс-әрекеттері үшін ең құнды есептеу және өлшеу дағдыларын жүйелі түрде дамыту, анықтамалық әдебиеттерді қолдану. Жұмыстың мақсаты математика сабағында мәтінмен берілген есептерді мағынасына қарай интеграциялап оқыту және оны жүзеге асырудың жолдарын көрсету. Мақалада мектеп математика курсында мәтінмен берілген есептерді басқа пәндермен байланыстыру үшін теориялық және практикалық дайындықтың сапалы нәтижелері туралы және олардың шығару әдістері жайлы теориялық мағлұматтар келтірілген. Сонымен қатар мысал ретінде бірнеше есептердің шығару жолдары қарастырылған. Математика сабақтарында пәндерді интеграциялап оқытуды нәтижелі жүргізу үшін әдістемелік нұсқаулық берілген. "

Сведения · Details