MIMICS ЖӘНЕ MSC РATRAN БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ВТ1-0 ТИТАН ҚОРЫТПАСЫНАН ОСТЕОСИНТЕЗГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ПЛАСТИНАЛАРДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ТАЛДАУ
Мақала білек сүйегінің дистальды бөлігінің сынықтарын емдеуде қолданылатын остеосинтездік пластиналардың құрылымын инженерлік және технологиялық талдауға негізделген. Зерттеудің мәселесі әдеттегі титаннан жасалған импланттардың сүйек тінімен жанасудағы биомеханикалық сәйкессіздіктің негізінде туындады. Mimics, PATRAN/ MARC, соңғы элемент әдісі СЭӘ осы аталған бағдарламаларда модельдеу мен кернеулі-деформацияланған күйді соңғы элементтер әдісінде талдау жүргізілді. Зерттеу кезінде сүйек құрылымының 3D моделі 60-80 жас аралығындағы пациенттердің КТ деректері Mimics бағдарламасында өңделді. Антропометриялық өлшеулер негізінде 11 градус иіні мен бекіту тесігі 5 градус бұрышпен оңтайландырылған пластинаның құрылымы дайындалды. NASTRAN/PATRAN бағдарламасы мен СЭӘ әдісімен есептеулер жүргізіліп пластикалығы жоғары ВТ1-0 таза техникалық титанының иілуі мен бұралуы кезіндегі төзімділігі анықталды. Лазерлік және электр эрозияық кесу әдістерін салыстыру кезінде лазерлік өңдеу бет сапасының жоғарырақ көрсеткіштерін көрсетті. Осы себепті волярлық пластиналарды дайындауда аталған технологияны қолдану тиімді деп санаймыз. Зерттеулердің нәтижелеріне қарай биоүйлесімді пластиналы импланттарды дайындауда ВТ1-0 таза техникалық титанының ерекшелігін дәлелдейді. Пластинаның ерекше биоүйлесімділігі, коррозияға төзімділігі мен икемділігінің төмендігі остеосинтез пластиналарын өндіру үшін дұрыс шешім екені анықталды. Сонымен қатар медицинада кеңінен қолданылатын легирленген титан қорытпасымен салыстырғанда білек сүйегінің серпімділігіне сәйкес келетіндігі, уытты бөлмейтіндігі ерекше орын алды. Кілтті сөздер: имплантат, остеосинтез, кернеулі-деформацияланған күй, ВТ1-0 техникалық титан, биомеханика, сүйек тіндері, пластина.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3,2026, С. 88-100
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1680-9165 · 2788-8770
- Издатель
- Toraighyrov University