Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 3,2026, с. 7-17

МАТЕРИАЛДАРДЫ МАЙДАЛАП ҰНТАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ДИІРМЕННІҢ ЖҰМЫС ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ ҰНТАҚТАУ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТӘУЕЛДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

С. Р. Байгереев, Г. А. Гурьянов, А. Д. Сулейменов, Р. Ғабдысалық

Аннотация · Abstract

Жұмыста бөлшектерге горизонталды екіжақты және вертикалды біржақты күштік әсер көрсететін жаңа инновациялық конструкциялы вибрациялық диірмендегі материалдарды майдалап ұнтақтаудың жұқа үрдістері зерттелді. Қолданыстағы бар дәстүрлі әдістердегі көлемдік беріктену, энергия шығынының жоғарылығы және бөлшектердің агломерациялануы қажетті дисперстілікке қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты бөлшектерде күрделі кернеулі-деформацияланған күй тудыратын өзара перпендикуляр екі бағытты вибрациялық әсер ұсынылып отыр. Зерттеу жұмысы барысында ұнтақтаушы ортаның горизонталды, вертикалды және қорытқы жылдамдықтарын анықтауға мүмкіндік беретін қозғалыс моделі құрылды және оған қоса үш жұмыс режимі (жекелеген горизонталды, вертикалды тербелістер және олардың бір мезеттегі әсері) бойынша есептеулер жасалды. Екі бағытты үйлесімді режимде қорытқы жылдамдық 1,40 м/с-қа, ал ұнтақтағыш денелердің өзара әрекеттесу меншікті энергиясы 0,9869 Дж/кг-ға дейін артып, бұл дербес горизонталды тербеліске қарағанда 25%-ға жоғары көрсеткішті қамтамасыз етіп отыр. Зерттеу нәтижелері ұсынылған жүйенің энергетикалық тиімділігін, ұнтақталу сапасын арттырып, бөлшектердің жабысуын тежейтінін дәлелдейді. Әзірленген диірменнің инновациялық конструкциясы мен теориялық моделі әртүрлі сипаттағы материалдарды жұқа және аса майда ұнтақтау технологияларында пайдалануға ұсынылып отыр. Кілтті сөздер: майдалап ұнтақтау, комбинацияланған күштік әсер, ұнтақтау энергиясы, материалдың беріктенуі, бөлшек дисперсиясы, дірілдік үрдістер, ұнтақтаудың энергия тиімділігі, гранулометриялық таралу.

Сведения · Details