Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНДА АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЖЕТІЛУІН БАҒАЛАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІН БЕЙІМДЕУ

Мақалада адами капиталдың цифрлық жетілуін бағалаудың жетекші халықаралық модельдерін (Capgemini, DigComp және т.б.) Қазақстанның бизнес-ортасының ерекшеліктеріне бейімдеу үдерісі қарастырылады. Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың жоғары деңгейі (БҰҰ рейтингісінде 24-орын) корпоративтік секторға жаңа талаптар қояды. Зерттеу отандық бизнестің жаһандық цифрландыру жағдайына табысты бейімделуіне ықпал ететін қызметкерлердің цифрлық құзыреттерін өлшеуге арналған құралдарды ұсынады. Авторлар ғылыми әдебиеттерге сапалық талдауды және цифрлық дамудың индикаторларын цифрлық бағалауды үйлестіретін кешенді тәсілді қолданған. Зерттеуде өлшемдердің төрт негізгі кластеріне ерекше назар аударылады: цифрлық технологиялар, білім беру ресурстары, бизнес процестер және құзыреттер. Мақала халықаралық тәсілдерді жергілікті институционалдық орта мен мәдени контекстке бейімдеудің маңыздылығын дәлелдейді. Онда компаниялардың жалпы адами капиталын дамыту стратегиясына бағалау жүйелерін енгізу жөніндегі ұсыныстар берілген. Қазақстандық кәсіпорындардың басшылары мен кадр бөлімдерінің жеткешілері нәтижелерді қолдана отырып, қызметкерлердің инновацияға дайындығын талдауға және оқыту бағыттарын жетілдіруге мүмкіндік алады. Кілтті сөздер: цифрлық құралдар, адами капитал, «Цифрлық Қазақстан», цифрлық жетілу моделі, цифрлық құзыреттер, цифрлық орта, цифрлық инфрақұрылым.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3,2026, С. 619-632
Язык
Казахский
ISSN
1680-9165 · 2788-8770
Издатель
Toraighyrov University