ҚАЛАҒА КІРЕТІН КӨШЕЛЕРДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ КЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ТАЛДАУ
Зерттеуде қалалық магистральдық кірме көшелердегі көлік ағыны жылдамдығының уақыттық өзгермелі қағидаттарын талдаумен байланысты, бұл бүгінгі күні қалалық магистральдық кірме көшелердің көліктік жүктемелік деңгейін жоғарылаты отырып, көлік кідірістері мен кептелістің шамадан тыс артуына ықпал етуде. Зерттеудің негізгі мақсаты-қалалық магистральдық кірме көшелердегі көлік ағыны жылдамдығының кеңістіктік-уақыттық сипаттамалық талдауы мен қалалық кешенді жол қозғалысын ұйымдастыру сызбалары (КСОДД) мен жүйесінде пайдалануға негіздеу. Зерттеуімізде қарастырылатын екі негізгі магистральдық кірме көшелер: батыс бағыттан ең үлкен қарқындылықты Райымбек батыр даңғылы және солтүстіктен-Ақсуат көшесі. Зерттеу жұмысымызда-көлік ағынының орташа қозғалыс жылдамдығы мен көлік қарқындылығы, жылдамдық режимі, көлік құралдарының қауіпсіздік аралықтары мен колонналық қозғалыс режимі кеңістіктік-уақыттық сипаттамалық талдауы негізінде мәндік шамада зерттеліп талданды. Зерттеу барысында қолданылған аспап Sierzega SR7 (жылдамдық режимдерін – Vmax , V85, Va жеке талдауда) және осы аспаптың мамандандырылған SRA Web бағдарламалық баптау жүйесімен өңделді. Зерттеу учаскелер 2GIS және Yandex Maps, яғни нақты уақыттағы жол қозғалысы жағдайы мен ауқымды геосервисті ашық платформалар көмегімен қосымша анықталды. Деректер қалыпты статистикалық талдау әдістері негізінде де жүргізілді. Ол көлік ағыны жылдамдығының, ағын тығыздығының өзара байланысын нақтылауға, көше-жол тораптарында жүктемелілік деңгейін талдауға негіз болды. Зерттеу жұмыс нәтижесінде көлік ағыны қарқындылығының тәулік бойғы сипатын, яғни таңертеңгі және кешкі кезеңдердегі қарбалас уақыттардағы қозғалыс жылдамдығы мен қарқындылықтың күрт өзгерулігін анықтауда, қарастырылатын магистральдық кірме көшелердің кеңістіктік-уақыттық ауытқуларына әсері сипатталды. Нәтижелер негізінде қалалық көше-жол тораптары мен магистральдық көшелерде кідіріс пен кептеліс мәндерін азайтуға, көлік инфрақұрылымын жаңғырту мен жаңалауға, қалалық басқарушылық құрылымға жаңа сипат беруге ие. Зерттеу жұмыстары көлік ағыны қарқындылығы мен қозғалысының нақты уақыттағы мәндерін талдау негізінде, нақты көлік кідірісі мен кептеліс мәндері жоғары аймақтарды нақты уақыт режимінде анықтап, қозғалысты тиімдендіруге бағытталған интеллектуальды көлік жүйелеріне бақылау мен талдау жүргізуге негіз болады. Кілтті сөздер: кеңістіктік-уақыттық талдау, көлік қарқындылығы, көлік ағыны, жылдамдық режимі, кептеліс, кідіріс, көлік жүйесі, колонналық қозғалыс.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3,2026, С. 566-578
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1680-9165 · 2788-8770
- Издатель
- Toraighyrov University